«№12 «Інжугүл» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына тағайындау туралы
№15 хаттамасынан көшірме
«Педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардың құжаттарын талдау бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы»
Өткізілген уақыты: 26.12.2024 жыл
Қатысқандар саны: 1
Күн тәртібінде:
- «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№12 «Інжугүл» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК-ның бос орын лауазымға тағайындау конкурс өткізу туралы мәселе қарау.
- Кандидаттар құжаттарының үлгілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау.
«№12 «Інжугүл» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК-ның комиссия төрайымы Нұрышева айнұр Жұмабековна кеңес мүшелерін күн тәртібімен таныстырды:
- Құрметті кеңес мүшелері, бүгінгі күн тәртібінде қарастырылатын сұрақтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы (жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 №259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 №343 бірлескен бұйрығымен.) негізінде №12 «Інжугүл» бөбекжай-балабақшасында бос тұрақты әдіскер лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттың құжатын талдау болып табылады. Конкурс жарияланған күннен бастап конкурсқа қатысуға ниет білдірген бір кандидаттың құжаты қабылданды, конкурсты өткізу күні мен орны айқындалды және конкурстық комиссия қалыптастырылды. Жарияланған конкурсқа 1бос тұрақты әдіскер лауазымына Байниязова Венера Сакитжановна өз құжатын тапсырып Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау осы жоғарыда көрестілген қағиданың 15-қосымшасы бойынша өтініш тастады. Ендігі кезекте «№12 «Інжугүл» бөбекжай-балабақшасының тұрақты әдіскер лауазымына ұсынған үміткердің құжатын бүгінгі комиссия мүшелеріне талдап, қорытындылау ұсынылады. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау осы жоғарыда көрестілген қағиданың 16-қосымшасы, бағалау парағы бойынша бағаланады.
Ары қарай комиссия мүшелері үміткердің құжаттарымен танысып, Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 16-қосымшасына сәйкес талдады.
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінен ҚР Білім және ғылым министірінің 2023 жылдың 15 тамыздағы №259 бұйрығының 3 тарау 1 параграфы 157 тармағына сәйкес, Байниязова Венера Сакитжановнаның (№18-2-4-06/2785 от 20.12.2024) жұмысқа орналасуға тыйым салатын педагогикалық әдептің бұзылуы туралы ақпараттың жоқ екендігі туралы мәлімет алынды.
Әдіскер лауазымы бойынша үміткердің құжаты қаралып, бағалану барысында бағалау парағы бойынша көрсеткіштері төмендегідей: Байниязова В.С.-13 балл алды.
Комиссия мүшелері бір ауыздан маманды жұмысқа қабылдауға келісім береміз.
| Комиссия төрайымы: | Нұрышева А.Ж. - психолог |
| Комиссия мүшелері: | Нағыметов Б.Ж. - ҚББ жауапты маманы |
| Туребаева Д.Т. - №20 «Дидар» б/б меңгерушісі | |
| Тұтасбаева Ж.С.- тәрбиеші | |
| Рабай Б.Е. - тәрбиеші |
Шешім:
1. Комиссия мүшелері қорытынды отырысында педагогтардың бос лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттың құжаттарын талдау нәтижесінде тұрақты әдіскер лауазымына Байниязова Венера Сакитжановна бір ауыздан «конкурстан өтсін» деген шешім қабылдады.
Хатшы: Таңатова Ә.Н. - тәрбиеші






