Қоғамның дамуы мен өркендеуі – әр азаматтың адалдығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сыбайлас жемқорлық – әділдікке, сенімге және болашаққа балта шабатын келеңсіз құбылыс. Біз әрдайым заң мен тәртіпті сақтауға, адал еңбек етуге және ашық қоғам құруға ұмтылуымыз керек. Әрбір дұрыс шешім, әрбір әділ қадам – жарқын болашаққа бастар жол. Таза қоғам – бұл тек мемлекет емес, әрқайсымыздың жеке таңдауымыз. Сондықтан өзгерісті өзімізден бастайық!Бірге болсақ – әділ қоғам құрамыз!
Балабақшамызда тәрбиеленушілермен «Адалдық – асыл қасиет» тақырыбында танымдық іс-әрекет өткізілді. Сабақ барысында балалар адалдықтың, шыншылдықтың, әділдіктің маңызын түсініп, жақсы мен жаманды ажыратуға, бір-біріне қамқор болып, әрқашан шындықты айтуға тәрбиеленді. Түрлі ойындар, әңгімелер мен тапсырмалар арқылы бүлдіршіндердің адамгершілік құндылықтары нығайтылды. Адалдық – әр адамның бойынан табылуы тиіс ең асыл қасиеттердің бірі. Осындай тәрбиелік жұмыстар арқылы балалардың бойында жауапкершілік, мейірімділік және әділдік қасиеттерін қалыптастыруды жалғастырамыз. Адал ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» №12 «Інжүгүл» бөбекжай-балабақшасында ата-аналар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – ата-аналардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты көзқарасын анықтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және ашықтық пен адалдық қағидаларын қолдау. Іс-шара барысында ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, білім беру ұйымында әділдік, сенім және заң талаптарын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін атап өтті. Адалдық – қоғамның берік іргетасы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әр азаматтың жауапкершілігінен басталады.


Сыбайлас жемкорлыктын, алдын алу және оған карсы мадениетті калыптастыру максатында дөнгелек устел еткізіліп кызметтік әдептілік нормалары жемкорлыққа карсы заңнама талаптарын сактау. Сыбайлас жемқорлык тауекелдерін болдырмауы бойынша жумыстар жургізілді.