Ата-анамен жұмыс өткізудің ең тиімді әдісі – бұл балабақшамен ата-аналардың сабақтастығы. Оқу жылының басында «№12 «Інжугүл» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК мектепке дейінгі ұйымында «Баланың балабақшаға бейімделуі», «Балабақшада ұлттық ойындарды қолдану», «Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту» - кеңес (ортаңғы топтар), «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру?», «Ұлттық құндылық-тәрбие негізі», «Ұлттық тәрбиенің құралы-халық педагогикасы»- кеңес (ересек, мектепалды даярлық топтары)
Жалпы ата-аналар жиналысында «Адамгершілік-рухани тәрбие арқылы шығармашылықты дамыту жолдары», «Ұлттық саз аспаптары-халқымыздың мұрасы»- тақырыптарында топтарда ата-аналарға кеңестер оқылып баяндамалар жасалынып, ата-аналарға мәліметтер қызықты түрде беріліп, әрбір ата-ана өз ойларын талқылады. «Мың бір мақал» - іскерлік ойын
ата-аналармен өткізілді. «Ұлттық ойындар» - ата-аналармен спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жылдық жұмысқа қортынды – есеп беріліп, ата-аналар комитетінің есебі тыңдалды. «Суға шомылу ережелерін сақтау» - нұсқаулықпен таныстырылды.
Сонымен қатар тамыз айында «Айбары асқақ Ата заң» күні» күні, қыркүйек айында «Білім күні мерекесі», «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
қазан айында «Қош келдің алтын күз!» спорттық мереке, қараша айында «Денсаулық мерекесі» - эстафеталық ойындар, желтоқсан айында «Толағай» - спорттық жарыс ойындар (ата-анамен), қаңтар айында «Ертегілер еліне саяхат» театрлық қойылымдар өткізілді. Жоспар бойынша барлық топтарда жыл бойына
«Алтын күз», «Күз келді алақай», «Берекелі күз келді!», «Аяулы күз, алтын күз»
«Күз берекем, күз мерекем», «Жарқырайды алтын күз», «Қош келдің алтын күз»
желтоқсан айында «Тұңғыш ел басы», «Туған өлкем Қазақстан!», «Тәуелсіздік тірегі», «Тәуелсіздік бұл халықтың арманы», «Менің болашағым Қазақстан!»
«Алақай Жаңа жыл!», «Қош келдің жаңа жыл», «Жаңа жыл келді төріме»
«Төрлет құтты жаңа жыл», «Жасыл шырша жанында», «Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!», «Жаңа жыл, жаңа нұр», «Төрлет, төрлет жаңа жыл», наурыз айында «Мерекеңмен анашым», «Аяулы ақ мамам», «Айналайын ақ мамам», «Біз ананың гүліміз», «Құттықтаймын ана мерекеңізбен!», «Анамызды аялайық», «Наурыз мерекесі», «Қош келдің Наурыз!», «Нұр себеле Ұлыстың Ұлы күні», «Армысың көктем Наурыз», «Наурыз тойын тойлайық», «Наурыз жыл басы», «Батырлар сайысы» - спорттық сайыс, «Бірлігіміз жарасқан», «Тату доспыз бәріміз», «9 мамыр Жеңіс күні!», «Сөнбейді жеңіс шырағы», «Жеңіс күні жадымда», «Қош бол, балабақшам!», «Денсаулық поездында саяхат» - спорттық ойын – сауық тақырыптары бойынша мерекелік ертеңгіліктер мен спорттық жарыс ойындары өткізілді. 9 мамыр Ұлы Жеңіс қарсаңында Ұлы Отан соғысының батыр қызы Ә.Молдағұлованың мұражайына балалармен саяхатқа барып, батыр қыздың өмірбаянымен, ерлігімен танысып, өте үлкен әсер алды.
Балаларға өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының болашақ ту ұстар, елін, жерін қорғап азамат болып өсулеріне ықпал ететін ұлттық тәрбие беру. Республика өмірі туралы білдімдерін кеңейту, балаларға патриоттық тәрбие беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай ақпанда «Тәуелсіз ел ұланымыз» - музыкалық шығарма №1 «Шаңырақ» МД ертегілік (ата-аналарсыз), «Дені сау ұрпақ – егеменді еліміздің ертеңі» - ересектер топтары арасындағы спорттық жарыс, «Туған елді әнге қосамын» - ортаңғы топ балалары арасындағы суреттен көрме ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. «Дені сау ұрпақ – егеменді еліміздің ертеңі» - спорттық жарыс №1, 8 топтар, «Туған елді әнге қосамын» ортаңғы топ арасында жарыс, «Туған өлкем Қазақстан» - педагогтармен викториналық кеш, «Гүлдене бер, Қазақстан!» №2 МДТ тәрбие сағаты өте жан-жақты, қызықты өтті. №1 ересектер тобында «Қазақстан кеше және ертең» атты танымдық ойында слайд арқылы, Республикасы мен туған қаласының кешегісі мен бүгінгі қалпына көз салып таңырқатқан, жүйелі ойын ұйымдастырылды.
Маусым айында топтарда балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру, Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір - бірінен ажырата білуге үйрету, балаларға рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге, рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерінің атауларын жатқа білуге тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында ашық қаралым өткізілді. Шілде айында «Тәуелсіздіктің бас қаласы – Астана!» - мерекелік ертеңгілік, тамыз айында «Тәуелсіздік нышандары» - қызметкерлермен тақырыптық тәрбие сағаты және «Тәуелсіз елдің Ата Заңы» - конституция күніне мерекелік ертеңгілік өткізілді. Балалардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру барысында «Мен – Қазақстанның болашағымын» тақырыбында ата-аналар және балалар арасында танымдық ойыннан жарыс өтті.
Дене шынықтыру нұсқаушысы А.К.Куанышева қазан айында «Қош келдің алтын күз!» спорттық мереке, қараша айында «Денсаулық мерекесі» - эстафеталық ойындар, қаңтар айында«Толағай» - спорттық жарыс ойындар (ата-анамен), ақпан айында«Спорт өмір көркі» - ортаңғы топтар сарасындағы спорттық жарыс ойындары, сәуір айында«Батырлар сайысы» - спорттық сайыс, мамыр айында«Денсаулық поездында саяхат» - спорттық ойын - сауық атты спорттық ойын сауығын өткізіп, ата-аналар мен балалар белсене қатысып, әкімшілік атынан марапатталды. Оқу жылының соңында медбике Есенаманова С.К. «Жаз кезіндегі сауықтыру-шынықтыру жұмыстары» тақырыбында кеңес оқып, балаларға жаз мезгілінде көп көңіл бөлу керектігін түсіндірді.
Өткізілген мерекелік ертеңгіліктерді ұйымдастыру барысында ата-анамен бірігіп костюмдер тігуде, атрибуттар дайындауда тығыз байланыста болды.
Мақсаты: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орыны және наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрыпымызбен байланыстыра насихаттап ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұмыт бола бастаған салт-дәстүрді қайта жаңғырта отырып құрметтей білуге тәрбиелеу.
Бастаңғы- қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың жастары сол үйге бас қосып жиналып бастаңғы жасайды. Қазақ халқының тарихында дәуірлер бойы жалғасын тауып келе жатқан бұл дәстүрдің 2 түрлі тәрбиелік мәні бар..
Біріншісі: үйде отырған баланың томаға тұйық болып қалмауына, елмен араласуына,замандастарымен жақынырақ танысуына жол ашуға үйрету болса.
Екіншісі: қыз баланы қазан-аяқ жасауға,дастархан жасап,қонақжайлылыққа тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан бастаңғыны қызы бой жете бастаған үйлер жасайтын болған. Бастаңғы рұқсатсыз, бақылаусыз өтпеген. Өйткені шешесі қыдырмашы болса,қызы бастамшыл келді деген сөз бар. Бас қосу барысында жастар әзіл-оспақ, айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып өз өнерлерін ортаға салған.
https://inzhigul-akt.kz/kz/mektepke-dejingi-zdik-jym-2022/ata-analarmen-zh-mys-zhasaudy-e-zha-sy-tiimdi-t-zhiribe.html#sigFreeId3d6386c216






