Оқу жылының басында «№12 «Інжугүл» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК тамыз айында «Айбары асқақ Ата заң» күні», «Тәуелсіз елдің Ата Заңы» - конституция күніне мерекелік ертеңгілік өткізілді. Балалардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру барысында «Мен – Қазақстанның болашағымын» тақырыбында ата-аналар және балалар арасында танымдық ойыннан жарыс өтті.
Жоспар бойынша барлық топтарда қыркүйек айында «Білім күні мерекесі», «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз», қазан айында жыл бойына «Алтын күз», «Күз келді алақай», «Берекелі күз келді!», «Аяулы күз, алтын күз»
«Күз берекем, күз мерекем», «Жарқырайды алтын күз», «Қош келдің алтын күз»
желтоқсан айында «Тұңғыш ел басы», «Туған өлкем Қазақстан!», «Тәуелсіздік тірегі», «Тәуелсіздік бұл халықтың арманы», «Менің болашағым Қазақстан!»
«Алақай Жаңа жыл!», «Қош келдің жаңа жыл», «Жаңа жыл келді төріме»
«Төрлет құтты жаңа жыл», «Жасыл шырша жанында», «Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!», «Жаңа жыл, жаңа нұр», «Төрлет, төрлет жаңа жыл», наурыз айында «Мерекеңмен анашым», «Аяулы ақ мамам», «Айналайын ақ мамам», «Біз ананың гүліміз», «Құттықтаймын ана мерекеңізбен!», «Анамызды аялайық», «Наурыз мерекесі», «Қош келдің Наурыз!», «Нұр себеле Ұлыстың Ұлы күні», «Армысың көктем Наурыз», «Наурыз тойын тойлайық», «Наурыз жыл басы», «Батырлар сайысы» - спорттық сайыс, «Бірлігіміз жарасқан», «Тату доспыз бәріміз», «9 мамыр Жеңіс күні!», «Сөнбейді жеңіс шырағы», «Жеңіс күні жадымда», «Қош бол, балабақшам!», «Денсаулық поездында саяхат» - спорттық ойын – сауық тақырыптары бойынша мерекелік ертеңгіліктер мен спорттық жарыс ойындары өткізілді. 9 мамыр Ұлы Жеңіс қарсаңында Ұлы Отан соғысының батыр қызы Ә.Молдағұлованың мұражайына балалармен саяхатқа барып, батыр қыздың өмірбаянымен, ерлігімен танысып, өте үлкен әсер алды.
Балаларға өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының болашақ ту ұстар, елін, жерін қорғап азамат болып өсулеріне ықпал ететін ұлттық тәрбие беру. Республика өмірі туралы білдімдерін кеңейту, балаларға патриоттық тәрбие беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай ақпанда «Тәуелсіз ел ұланымыз» - музыкалық шығарма №1 «Шаңырақ» МД ертегілік (ата-аналарсыз), «Дені сау ұрпақ – егеменді еліміздің ертеңі» - ересектер топтары арасындағы спорттық жарыс, «Туған елді әнге қосамын» - ортаңғы топ балалары арасындағы суреттен көрме ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. «Дені сау ұрпақ – егеменді еліміздің ертеңі» - спорттық жарыс №1, 8 топтар, «Туған елді әнге қосамын» ортаңғы топ арасында жарыс, «Туған өлкем Қазақстан» - педагогтармен викториналық кеш, «Гүлдене бер, Қазақстан!» №2 МДТ тәрбие сағаты өте жан-жақты, қызықты өтті. №1 ересектер тобында «Қазақстан кеше және ертең» атты танымдық ойында слайд арқылы, Республикасы мен туған қаласының кешегісі мен бүгінгі қалпына көз салып таңырқатқан, жүйелі ойын ұйымдастырылды.
Маусым айында топтарда балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру, Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір - бірінен ажырата білуге үйрету, балаларға рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге, рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерінің атауларын жатқа білуге тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында ашық қаралым өткізілді. Шілде айында «Тәуелсіздіктің бас қаласы – Астана!» - мерекелік ертеңгілік, тамыз айында «Тәуелсіздік нышандары» - қызметкерлермен тақырыптық тәрбие сағаты
Өткізілген мерекелік ертеңгіліктерді ұйымдастыру барысында ата-анамен бірігіп костюмдер тігуде, атрибуттар дайындауда тығыз байланыста болды.
https://inzhigul-akt.kz/kz/mektepke-dejingi-zdik-jym-2022/merekeler-zh-ne-ojyn-sauy.html#sigFreeId21f697816d






