“Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы. ҚР Әділет министрлігінің 2025 жылғы 31 наурызда №35900 болып тіркелген бұйрығы негізінде көрсетілген талаптарға сәйкес болу қажет.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы 3- қосымшаға сәйкес өтініш. 
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін).
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса).
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері. 
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі(бар болса). 
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7) Психонервологиялық ұйымнан анықтама.
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама.
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік.
11) 13- қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 
12)Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат. 
13) Видеопрезентация (өзін-өзі таныстыру) өтілі жоқ кандидат үшін ұзақтығы кемінде 10 минут, көлемі 720*480
Құжаттар электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау,конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап мерзімі (7жұмыс) күннен бастап есептеледі. 
Мекен-жайы: Ақтөбе қ. М.Оспанова 58А
Тел: 8 7(132) 51 55 51
8 7(132) 51 52 13