АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «№12 «Інжугүл» БӨБЕКЖАЙ - БАЛАБАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫНА ПЕДАГОГТАРДЫ КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗДЕ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ» Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерінің лауазымға тағайындау,лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР оқу ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және ҚР «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.
Бөбекжай –балабақшасына уақытша бос лауазымдар
Педагог - психолог (тұрақты) лауазымы бойынша конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай - ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ - 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез - құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8.Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9.Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10.Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орынан ұсыным хат.
Мекен - жайы: Ақтөбе қ. М.Оспанова 58А
Тел: 8 7(132) 51 55 51
8 7(132) 51 52 13







