Мақсаты:
Мектепалды топ тәрбиеленушілерінің дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту арқылы балалардың күш-қуатын, ептілігін, шапшаңдығы мен төзімділігін жетілдіру. Эстафеталық ойындар арқылы балалардың бойында жеңіске деген жігерді, батылдықты, ұйымшылдықты, достық пен өзара қолдау қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық және спорттық ойындарға баулу арқылы белсенді, дені сау, шыныққан ұрпақ тәрбиелеу.






