Ортаңғы топ тәрбиеленушілерінің дене қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, спорттық ойындар арқылы шапшаңдыққа, ептілікке, төзімділікке және батылдыққа баулу. Балалардың жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын жетілдіру, бірлесіп әрекет етуге, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырып, спортты сүюге баулу.