Тобымызда "Әр ойыншықтың өз орны бар" тақырыбында жұмыс жүргізілді.
Балаларды ұқыптылыққа баулу – кішкентай кезден басталатын маңызды тәрбие. Ойын аяқталғаннан кейін әр ойыншықты өз орнына қою – тазалық пен тәртіпке үйрететін жақсы әдет.
Тазалық пен тәртіп – жақсы көңіл күйдің, қауіпсіз әрі жайлы ортаның кепілі!
«Әр ойыншықтың өз орны бар!» – осы қарапайым қағиданы бірге қалыптастыру.






