Бүгін тобымызда аяулы аналар мен әжелерге арналған мерекелік іс-шара өтті. Балалар жүрекжарды тақпақтарын айтып, ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Мереке барысында бүлдіршіндер аналарға деген сүйіспеншілігі мен құрметін білдіріп, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті. Балалардың шат күлкісі мен аналардың қуанышы мерекеге ерекше сән берді.