Интернет-алаяқтықтың алдын алу – қауіпсіздіктің кепілі
Бүгін балабақшамызда ата-аналарға интернет-алаяқтықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Негізгі мақсаты – ата-аналарға интернет кеңістігінде кездесетін алаяқтық түрлері туралы ақпарат беру, жеке мәліметтерді қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және қаржылық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыру.
Түсіндіру барысында алаяқтардың азаматтарды алдау үшін қолданатын кең таралған тәсілдері айтылды. Атап айтқанда, жалған қоңыраулар, әлеуметтік желілердегі жалған аккаунттар, күмәнді сілтемелер, жалған хабарламалар және түрлі төлемдерді талап ететін алаяқтық әрекеттер туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар ата-аналарға:
банк картасының деректері мен CVV-кодты ешкімге бермеу;
SMS арқылы келген кодтарды бөгде адамдарға айтпау;
күмәнді сілтемелерге өтпеу;
әлеуметтік желілердегі бейтаныс аккаунттарға сақтықпен қарау;
күмәнді қоңыраулар кезінде әңгімені тоқтатып, ақпаратты ресми байланыс арналары арқылы тексеру қажеттігі ескертілді.