Атауы Жүктеу
1 «Мектепке дейінгі ұйымдарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары»
2 «Балабақшада жеті ойыншық бұрышы арқылы балаларды ұлттық рухани – адамгершілікке тәрбиелеу»

 

Ақтөбе қаласының № 12 «Інжугүл» бөбекжай-балабақшасында 2021 - 2022 оқу жылдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді.

Біздің балабақша осы «Жеті ойыншық» бұрышын биылғы оқу жылынан бастап пайдаланып жатырмыз. Біздің балабақшада арнайы бөлме жабдықталған. «Жеті ойыншық» бұрышы ұлттық нақышта жасалған, баланың жан - жақты дамуына пайдалы, қазақ баласына жақын, тез игеріп, ойнай отырып ойлайтын, бала санасының ұлттық тәрбиеде дамуына әсер ететін ойыншықтар.

 «Жеті ойыншық» бұрышы бөлмесінің жабдықталуымен, ондағы 7 аймақтың мақсаты мен міндеттері туралы мәлімет беріп, балалармен бастап өткізіп жатырған іс-шараларын айтып көрсетті.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Ата-бабамыз ғасырлар бойы бақытты ел болуға талпынды. Осыған қолымыз жеткенде ұрпағымызға Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруда «Жеті ойыншық» бұрышының ұлттық санасы бай, елін, жерін сүйетін, салттымызды қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеуде тигізетін пайдасы өте мол деп ойлаймын.

 «Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылықтар арқылы жан-жақты дамыту» тақырыбындағы облыстық шеберхананың ІІ-ші отырысында бөбекжай-балабақшасының әдіскері «Мектепке дейінгі ұйымдарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында жасалған жұмыстарды баяндап өтті.

«Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері саналып келе жатқан тақ-тақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс...» деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай «Рухани жаңғыруды» насихаттау мектепке дейінгі ұйымдардан басталу керек деп ойлаймын. «Рухани жаңғыруды» жұмысын өткізуге мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиелеу мен білім беру жұмысын жаңаша бағытта құрып өткізу міндеті қойылып отыр. Балаларды ерте жастан дамыту және оларды ортаға әлеуметтендірудің озық тәжірибелерін өзара сабақтастыру үлгісі алынады.

«Рухани жанғыру – сәби шақтан» идеясын қолға ала отырып адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы, сананың жаңаруы, жас ұрпақтың тәрбиесін жаңарту, ұлтымыздың барлық салт – дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді ұлттық рухымызды жаңғырту осы балабақшадан бастау алуы керек.

Ұрпақ тәрбиесі – ата-бабамыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі. Қай елдің болсын бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дәстүрлі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарымен сабақтасып жүзеге асатындығы белгілі. Рухани жаңғыруда өзекті бағыттың бірі «Ұлттық рухты, ұлттық сананы, дәстүрді, әдеп-ғұрыпты, мәдениетті сіңіру».

Біздің педагогикалық ұжымымен 2021-2022 оқу жылында «Рухани жаңғыру – балабақшадан басталады» атты жоба аясында тәрбие мен оқыту қызметінде, ата-аналармен және педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Бала бойына рухани құндылықтарды сіңіру, қазақтың салт-дәстүрін сақтау және насихаттау балабақшадағы күнделікті іс-әрекеттерден басталады. Балабақшаның топ бөлмелерінде ұлттық нақышта ою-өрнектермен, жәдігерлермен, ұлттық бұйымдармен заман талабына сай «Туған өлке» атты бұрыштары безендірілген.

Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі, педагогикалық этикасы, баламен қарым-қатынас жасау тәсілдері ұлттық менталитетке негізделе отырып ұйымдастырылуда. Мұндай жұмысты атқару әрбір кәсіби маман үшін мақтан тұтарлық мәртебе. 

№6 «Қарлығаштар» мектепалды даярлық тобында «Этнолаборотория» ашылып балаларға арналған шеберлік сыныбының жұмысы үлкен нәтижеге жетті. Атап айтсақ тәрбиешілер Ж.Ж.Нарманқұл мен Ж.М.Батырова киіздің жаңашыл түрін «фетрді» қолданып киіз басу, құрақ, өру, тоқу технологияларының қыр-сырын балаларға жеткізе білді. Қиялды, сөздік, логикалық, шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, балаларды белсенді іс-әрекетке және зейіннің шоғырлануына тәрбиелеуде. Геометриялық пішіндердің аттарын, түстерін атауға машықтандыру. Балалар фетрден жасалған құрақ көрпені, текеметті топпен бірлесе отырып құрайды. Қандай геометриялық пішіннен құрағанын, сол пішіннің түсін ажыратып айтады. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» менің тобымда тақырыбы аясында мектепалды даярлық тобындағы «Төрт түлік малдың пайдасы» атты ұйымдастырылған оқу қызметінде төрт түлік малдың бабалары қалай аталатынын, олар төлдерді қалай шақыратыны айтылды. Соны жаңғыртып, балалармен жатқа айтқызды. Содан келіп пайдасына тоқталып, жүннен текемет тоқитынын еске сала келіп, әжесінің дайын текеметіне оюлар салып әшекейлеуге көмектесуге шақырды. Балалар қызыға жұмылып, топқа бөлініп, оюларды алдын ала тесіп дайындаған текеметке баулармен тігіп бекітті. Өте қызығушылықпен белсенді жасады. Әп-әдемі кішкене текеметтер жасалды. Содан кейін күннің екінші жартысында балаларға үлкен текеметке оюлар салып әшекейлеуді ұсынып, балалар өз қолдарымен үлкен текемет жасап, оны «Жеті ойыншық» бұрышына сыйға тартты.

«Кел, билейік қазақша!» атты би студиясы ашылып, қарқынды жұмыс жасауда. Бала өзін жайлы, емін-еркін сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи ортада дамиды. Билердің тарихын түсіндіріп, қимыл-қозғалыстың неге негізделгенін, мағынасын ұғындыру. Нақышына келтіріп билеуге дағдыландыру. Қазақтың ұлттық оюларын би қимылдарымен жандандырып, ұлттық би билеуге үйрету. Қазақтың «Қошқар мүйіз», «Кереге көз» оюларын би қимылдарының элементтеріне қосып, «Қазақ биін» үйретті. Сол үйренген биімен V Республикалық мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы «Жарқыра, балапан» атты байқауына қатысып, «Хореграфия» номинациясынан І орынды жеңіп алды.

«Үлттық құндылықтар-баға жетпес байлығымыз» тақырыбындағы топтың бастауымен ұлттық құндылықтарды жаңғырту жұмыстарын жалғастыру мақсатында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін қызметкерлер арасында өткізді. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орыны мен наурыз мерекесі туралы түсінік беру.

Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрыпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұмыт бола бастаған салт-дәстүрді қайта жаңғырта отырып «Бастаңғы» дәстүрін өткіздік. Бастаңғы - қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі.Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың жастары сол үйге бас қосып жиналып бастаңғы жасайды. Қазақ халқының тарихында дәуірлер бойы жалғасын тауып келе жатқан бұл дәстүрдің 2 түрлі тәрбиелік мәні бар. Біріншісі: үйде отырған баланың томаға тұйық болып қалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақынырақ танысуына жол ашуға үйрету болса. Екіншісі: қыз баланы қазан-аяқ жасауға, дастархан жасап, қонақжайлылыққа тәрбиелеу болып табылады. 

Балалардың бойында ұлттық ойындар арқылы ұлттық сана сезімді ояту, туған жерге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ұлттық құндылықтарды бағалауға үйрету мақсатында «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты қызметкерлер, аналар мен балалар арсында ұлттық ойындардан спорттық жарыс өткізілді. Осы жарыста қазақтың ұлттық «Бәйге», «Бес тас», «Асық ату», «Арқан тарту», «Теңге алу» ойындары қамтылған. Ұлттық ойындар, ата-бабадан қалған өнер мен өнеге арқылы балаларды, үлкендерді мейірімділікке, әдептілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа баулимыз.

Осы жоба аясында ұлттық бірегейлікті сақтау үшін ата-аналармен серіктесіп жұмыс жасауға бағытталған «отбасы», «бала» және «педагог» үш одақтың арасындағы қарым-қатынастың беріктігі қолға алынған. Ағымдағы оқу жылының соңында жоба аясында балабақша педагогтері арасында «Рухани жаңғыру-бала тұлғасының үйлесімді, шығармашылық және зияткерлік дамуының негізі» атты бақшаішілік семинар-практикум ұйымдастырылып, әріптестермен тәжірибе бөлістік. Семинарға қатысушылар жоба аясында жүргізіле бастаған жаңаша жұмыстардың негізгі бағыттарымен: балаларға арналған сиқырлы кілемдер мен киіз үй жасау, ұлттық аспаптар арқылы, ұлттық би арқылы бүлдіршіндердің музыкалық қабілетін дамыту, сергіту сәттерінде халық музыкасы мен қимылдарын нәтижелі қолдану әдістерімен танысты. «Таным» саласы бойынша ұлттық нақышта дамытушы ойындардан көрме ұйымдастырылды. «Кім тез айтады?» атты балалар арасында жаңылтпаш айтудан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

«Мектеп жасына дейінгі балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде жеті бұрышты қолданудың тиімділігі» атты қалалық әдіскерлерге арналған семинар-практикум өткізіп тәрбиешілер А.Т.Койшыгарина мен А.Т.Мамбетова

Балабақшадағы рухани жаңғыру барлық мекемелердің бірегей жүйесі, жеке және бірлесе іске асырылатын, жаңа қоғамның кірпішін қалайтын заңнамалар мен бұйрықтардың жиынтығы ретінде есептеймін. Табысты болудың ең іргелі, ең басты факторы-білім екенін әркім терең түсінуі керек. Сөз соңында айтарым, «Жерде жатқан жұмыртқа-аспанға ұшар қыран болар» дегендей, бүгінгі балабақшадан дұрыс тәлім-тәрбие алған ұрпақтың рухы жаңғырары сөзсіз.