- Ақтөбе қаласының №12 «Інжугүл» балабақшасының әдіскері Садыкова Кулан Казбаевна Сіздердің назарларыңызға «Әдістемелік шеберлік» - жобасын қорғау барысында жас педагогтерге арналған шеберлік сыныпта инновациялық технологияның бір түрін ұсынады.
Тақырыбы: «Квиллинг техникасы деген не?»
Квилинг деген не? Квиллинг-бұл көбімізге таныс емес технология. Ол қағазды орап, шиыршықталған жолақшалардан фигуралар дайындау әдісі. Квиллинг- бұл қолдың ұсақ моторикасын дамытудың ең тиімді технологиясы. Қағазды жіңішке етіп әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап орап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жаңа бұйым жасайтын қолөнерді квиллинг деп атайды. Бұл техникамен шиыршықталған қағаз орамнан ролл жасауға, бұл роллдерден әдемі гүлдерден бастап, сан түрлі ою-өрнекті ғажап дүниелерді жасауға болады.
Орау, жазу, қысу, шымшу, желім жағу және жіңішке қағаз жолақшаларын қию-бұл қимылдардың барлығы тек қана қолдың ұсақ моторикасын дамытып қоймайды, сонымен қатар өздерінің басқада шығармашылық қабілеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Қажетті құрал- жабдықтар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, сызғыш, жіңішке таяқша және аз-маз фантазия. Казір сіздерге осы квиллинг техникасымен гүлді жасау әдісін көрсетемін.
1. Қағаздарды ұзыншалап бірдей етіп кесеміз.
2. Жіңішке қағаздарды нығыздап таяқшаға ораймыз.
3. Оралған қағазды таяқшадан суырып, шамалы босатып, арасын ашып, соңын желімдеп жабыстырамыз. Сонда бізде мынадай формалар шығуы керек.
4. Осы формаларды жинақтап, бір - біріне желімдей отырып, фантазияны іске қосып, әдемі бұйым жасаймыз.
Пайда болған роллдерден гүл құрауға болады.
Қызыл түстен бірнеше шиыршық жасап аламыз. Нәтижесінде қағаз жолақшаларынан осындай әдемі қызыл гүл күлтешелері шығады.
Қағаз бетінде гүл композициясын жасау үшін тірегін жасаймыз.
Ол үшін түрлі түсті қағаз немесе қалыңдау картон аламыз.
Бірінші тірегіне гүлдің ортасын жапсырамыз, сосын жан-жағына күлтешелерін жапсырамыз.
Енді гүлдің жапырағын жасау қалды.
Ол үшін жасыл қағаздан жіңішке жолақша қиямыз. Жасыл жолақшаны алып, таяқшаға орап, шиыршықтап аламыз да, жайлап суырамыз. Шамалы форманың жайылуына мүмкіндік береміз. Жасыл жолақшаның шетін желіммен желімдейміз. Екі саусақпен жайлап, сол жағынан қағаз фигураны шымшып қысамыз. Біздің гүлге әдемі жапырақ пайда болды. Квилингте бұндай фигураны тамшы деп атайды. Басқа жолақшадан тағы бір жапырақ жасаймыз. Дайын фигураларды гүлдің сабағына жапсырамыз. Сонымен біздің қағаздан жасанды бұйымымыз дайын. Бұл квиллинг техникасы арқылы жасалған бұйым. Бүгінгі өткізген шеберлік сыныбында квиллингтің өнерін түсінуге қысқаша мәлімет бердім деп ойлаймын.
https://inzhigul-akt.kz/kz/mektepke-dejingi-zdik-jym-2022/bizdi-balaba-shany-innovatsiyaly-is-reketi/99-kvilling-tekhnologiyasy.html#sigFreeId915d6a2661






