№12 «Інжугүл» бөбекжай - балабақшасында №8 «Күншуақ», №9 «Айналайын» және №10 «Гүлдәурен» ересек топтарының тәрбиеленушілері арасында «Баланы гаджет ойындарынан тыю» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру жұмысының барысында балаларға гаджеттерді шамадан тыс пайдаланудың кері әсері туралы айтылып, телефон мен планшеттегі ойындарға көп уақыт бөлудің орнына кітап оқудың, сурет салудың, құрастырудың, қимылды және танымдық ойындар ойнаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Балаларға тақырыпқа байланысты бейнематериалдар көрсетіліп, жасанды интеллект көмегімен дайындалған көрнекі суреттер арқылы пайдалы ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар балалармен әңгімелесу жүргізіліп, гаджеттерді дұрыс әрі шектеулі пайдалану