Ересек және мектепалды даярлық топтары арасында өткізілетін «Дені саудың – жаны сау» спорттық ойындарының мақсаты – балалардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру. Спорттық ойындар арқылы ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа және достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жеңіске деген құлшынысын қалыптастыру.