Ойын барысында балалар Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін танып, Отанымыз туралы әңгімелесті. Сұрақтарға жауап беріп, суреттерді сәйкестендіру арқылы өз білімдерін көрсетті. Бұл іс-әрекет балалардың танымдық қабілетін дамытып, туған жерге деген сүйіспеншілігін, елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Біз – Қазақстанның кішкентай азаматтарымыз! Елімізді сүйіп, құрметтеп, оның жарқын болашағына өз үлесімізді қосуға әрдайым дайынбыз.