Биылғы оқу жылынан бастап ересек, мектеплды топтары «Кюзинер таяқшалары» атты технологиясымен жұмыс жасап бастады. Кюизенер таяқшалары бүкіл әлемге танымал дидактикалық құрал. Осы технологияны енгізу барысында «Кюизенер таяқшаларымен қандай ойындар ойнауға болады?» тақырыбында ата-аналарға кеңестер оқылып, балалармен жұмыс жасау үшін қажетті таяқшалар жиынын алып, ойын өткізуге жағдай жасады.
Балалар түс пен санды және керісінше, сан мен түсті қатынастыру ептілігін игереді. Бұл үшін әр ойында, жаттығуда түстер атаулары мен сандық белгілер бекітіледі.
Мысалы: «3 таяқшасын көрсетші -ол қандай түсті?», «Қызғылт таяқшаны тапшы. Ол қай санды белгілейді?»
Немесе «Көктен қысқа, бірақ қарадан ұзын барлық таяқшаларды атаңдаршы» т.б. Кілемшелер құру, өрнектер құру.
Барлық жолдары түрлі -түсті болғандай етіп кілемше құру. Тек анықталған түсте таяқшалардан кілемше құру және т.б.
«Мен сарыдан ұзын таяқшаны жасырдым. Табыңдаршы оны!» немесе «Көктен қысқа, бірақ қарадан ұзын барлық таяқшаларды атаңдаршы»
Кюизенер таяқшалары – түстердегі сандар.
Кюизенер таяқшаларды қарапайым және түсінікті, олармен жұмысты сәбилер ойын ретінде қабылдайды.
Ұсынылып отырған бағдарлама балалардың сандарды есте сақтауына, есептерде көмек көрсету және есте сақтауын дамыту, түстердің көмегі арқылы таяқшаларды тануы ажырата білу арифметикалық есептерді шешуге үйрету, балаларды мектепке дайындау білімін арттыру мақсатында құрастырылған.
Өзектілігі: қол моторикасын дамытады, қисынды ойлау қабілетін дамытады, бүтінді бөлікке және объектіні шартты өлшеуішпен өлшеуге, ұжымдық жаттығумен алмастыру, ойын түрінде, кіші топта түстерді тиянақтау.
Кюизенер таяқшалары
Жинақ 10 түрлі - түсті және көлемді кезейін призмалардан
тұрады. Ең кішкентай призма - 10 мм-ден тұратын текше болады.
Жиынтық құрамына кіреді: ақ -1 саны -25 дана, қызғылт-2 саны -20 дана,
Көгілдір-3 саны -16 дана, қызыл-4 саны -12 дана, сары-5 саны- 10 дана,
Күлгін-6 саны-9 дана,
қара–7 саны 8 дана,
қызыл күрең–8 саны-7 дана,
көк–9 саны- 5 дана,
тоқсары–10 саны-4 дана.
https://inzhigul-akt.kz/kz/mektepke-dejingi-zdik-jym-2022/bizdi-balaba-shany-innovatsiyaly-is-reketi/100-kyuziner-tekhnologiyasy.html#sigFreeId66091c6b2a






