№12 «Інжугүл» бөбекжай-балабақшасында  «Жеті ойыншық» бұрышы бойынша жұмыстарды биылғы 2021-2022 оқу жылынан бастадық. «Жеті ойыншық»  авторлық жоба аясында арнайы жабдықталған кабинет бар. «Жеті ойыншық» бұрышында ұлттық нақышта жасалған, баланың жан-жақты  дамуына пайдалы, қазақ баласына жақын, тез игеріп, ойнай отырып ойлайтын, бала санасының ұлттық тәрбиеде дамуына әсер ететін  ойыншықтар жинақталған.

  1.  «Этнолаборотория» ашылып балаларға арналған шеберлік сыныбының жұмысы ұйымдастырылып, киіздің жаңашыл түрін «фетрді» қолданып киіз басу, құрақ, өру, тоқу технологияларының қыр-сырын балаларға жеткізе білді.
  2. «Рухани жаңғыру» менің тобымда тақырыбы аясында мектепалды даярлық тобындағы «Төрт түлік малдың пайдасы» атты ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Балалар топқа бөлініп, оюларды алдын ала тесіп дайындаған текеметке баулармен тігіп бекітті. Әп-әдемі кішкене текеметтер жасалды. Содан кейін күннің екінші жартысында балаларға үлкен текеметке оюлар салып әшекейлеуді ұсынып,  балалар өз қолдарымен үлкен текемет жасап, оны «Жеті ойыншық» бұрышына сыйға тартты.

  

 

 

 

 

  1. «Кел, билейік қазақша!» атты би студиясы ашылып, қарқынды жұмыс жасауда. Билердің тарихын түсіндіріп, қимыл-қозғалыстың неге негізделгенін, мағынасын ұғындыру. Нақышына келтіріп билеуге дағдыландыру. Қазақтың ұлттық оюларын би қимылдарымен жандандырып, ұлттық би билеуге үйретті. Қазақтың «Қошқар мүйіз», «Кереге көз» оюларын би қимылдарының элементтеріне қосып, «Қазақ биін» үйретіп,

V Республикалық мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы «Жарқыра, балапан» атты байқауына қатысып, «Хореграфия» номинациясынан І орынды жеңіп алды.

 

  

 

  1. Қалалық «Мектеп жасына дейінгі балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде жеті бұрышты қолданудың тиімділігі» атты әдіскерлерге арналған семинар-практикум өткізіп тәрбиешілер А.Т.Койшыгарина мен А.Т.Мамбетова «Жеті ойыншық» бұрышы бөлмесінің жабдықталуымен, ондағы 7 аймақтың мақсаты мен міндеттері туралы мәлімет беріп, балалармен бастап өткізіп жатырған іс-шараларын айтып көрсетті.
  2. «Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылықтар арқылы жан-жақты дамыту» облыстық шеберхананың ІІ отырысында «Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық, танымдық қабілеттерін «Зияткер» аймағы арқылы дамыту» тақырыбында тәрбиешілер Койшыгарина А.Т., Мамбетова А.Т. және «Ұлттық құндылықтарды қолдану арқылы «Зерделі ұрпақ» аймағы арқылы балаларды қоршаған ортаны зерттеуге, сезуге үйрету» тақырыбында тәрбиешілер Нарманқұл Ж.Ж., Батырова Ж.М. өз тәжірибелерімен бөлісті.